Мәжіліс депутаттары Құрылыс кодексінің жаңа жобасын талқылап, құрылыс кезінде жіберілген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді ұсынды.

Депутаттардың сөзінше, қазіргі заңда тек айыппұл төлеумен шектелген. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жұмысын адал атқармаған құрылыс компаниялары жауапқа тартылатынын айтты. Енді құрылыс саласында өрескел заң бұзушылыққа жол берген компаниялар қара тізімге еніп, қызметіне мүлдем тыйым салынбақ.

Сонымен қатар, жаңа заң жобасы сейсмикалық аймақтарда құрылыс жүргізу үшін қауіпті алдын алуды бағалауды міндеттейді.

Айта кетейік, биыл қаңтарда үкімет мақұлдаған Құрылыс кодексімен сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтар келіспей, құжатты министрлікке қайта қарауға жіберуді сұраған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз