Францияның Мәдениет министрі Франк Ристердің коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Талдау нәтижелері инфекцияның бар екенін көрсеткен. Қазіргі таңда шенеунік Париждегі үйінде емделіп жатыр, денсаулығы қалыпты.
Өткен аптада министр Ұлттық ассамблеядағы мәдениет комитетінің жұмысына қатысқан. Кейін коронавирус жиынға қатысқан бес депутатта және жиналыстың екі мүшесінде анықталғаны белгілі болды.
Қазір министрмен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.
Ал оның соңғы күндері президент Эммануэль Макронмен кездескендігі туралы әзірге мәлімет жоқ.