Əлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз түсініксіз бірақ əуені тартымды сөздерді естисіз. Бұл итальяндық мем балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралып, əр баланың күнделікті қайталап жүретін деңгейге жетті. «Trallallero trallalla», «Bombordino crocodilo» жəне т.б тез жатталатын слэнг десек те болады. Ал олардың аудармалары балаларды діннен бездіруге, саяси пропагандаға айналдыруға негізделгенін білдіңіз бе?
Аталмыш фразалар 2023 жылы Италия жəне Еуропаның басқа елдерінде пайда болып, уақыт өте халықаралық трендке айналды. Жасөспірімдер бұл əуендерді түрлі бейнелермен байланыстырып, пародия жасап, қайта-қайта қолданып, оларды вирустық деңгейге жеткізді. Бүгінде ең танымал «Tung tung Sahur» 91,1 млн қаралым жинаса, «Trallallero trallalla» 26 млн адамның миын улады. Иə, сырт келбетке əуені тартымды, тез жатталатын əрі күлкілі картина мен үйлесімді мəтін болып көрінеді. Ал мағынасы ше?

«Trallallero trallalla» – Алғашқы екі сөз ешқандай мəн-мағынасыз, ал одан кейінгі фраза жан түршігерліктей. Ұл-қыздарымыз бұл абсурд кейіпкердің аудармасын білмей, күнделікті қайталап жүр. Аяғына кроссовки киген акуланы зиянсыз картина дерсіз, бірақ бұл дінге қарсы шығу.

«Bombordino crocodilo»- Палестинадағы балаларға бомба тастағанды жақсы көремін, деп аудармасын көрсетті. Ал мынаған не дерсіз? Tik-tok желісінде 4 млн бала көрген картина жауыздық пен алауыздықты ойынға айналдырып отыр. Бұл саяси пропаганда күшпен жасалатын зорлықты нормалды түрге жатқызып, балаға оны насихаттауда.

«Ballerina Cappuccina»- Музыканы ұнататын, мағынасыз персонаж. Алайда қауіпі орасан зор. Ол Cappuccina Assassin əйелі. Қыз бейнесін тек ермек үшін жаратылған деп түсіндіретін бейне. Күйеуімнің ойыншығымын деп əндететін бұл рифма рөл қоғамдағы əйел рөлін төмендету, дұрыс қабылдамау.

«Tung tung Sahur» – AI əлемнің басты зұлым құбыжығы. Бейсбол таяғы бар антропоморфты бөрене, зұлым Пиноккио түрі. Бұл рифма мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге ниет ететін сəті – Сəресі. Сахур(сəресі) кезінде шақырмасаң, үлкен құбыжық үйіңе келеді делінген. Ол сол күнді қорқынышты етіп көрсету.
Бұл тек ең танымал фразалар, ал кейіннен пайда болған құбыжықтар. Жалпыға тəн тек бір белгі бар, «Brainrot». Мидың шіруі. Жеңіл дофамин, күлкі арқылы біздің жəне балалардың таза миын жегідей жеуде.
Отбасылық психолог Светлана Качмардың айтуынша, мұндай мем тым тез пайда болады жəне жоғалады. Алайда ата-аналардың қорқынышы басым. Дін мамандары болса, діни ұғымдарды мазақ ету немесе жеңіл-желпі қабылдау балалардың рухани тəрбиесіне зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Олар ата- аналарға балалардың тұтынатын контентін бақылап, діни құндылықтарды құрметтеуге үйретуді ұсынады.
Бұның барлығы ойын мен күлкі. Бірақ сол күлкінің астарына үңіліп, бақылау керек. Себебі олар соғыс, дінді жоққа шығару жəне зорлықты қалыпты жəйт етіп көрсету дұрыс емес.
Мерейлім Асқарбек