Эстониялық азаматтың сөмкесінен жүздеген адам эмбрионы табылды

0
69

Ресейдің Ленинград облысындағы Ивангород бақылау-өткізу бекетінде Эстония азаматының сөмкесінен жүздеген адам эмбрионы табылды. Бұл туралы qalampir.uz хабарлады Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап.

«Kingisepp» кеденшілері әйелдің багажын сканерлеу кезінде әдеттен тыс жүкті байқап қалған.

«Экрандағы адам эмбриондарының контурын көрген олар таңғалып, бірден зерттеуге кірісті. Кеденшілер сөмкені тексерген кезде жалпы салмағы 4,3 келі болатын жүздеген полиэтилен пакеттері табылды. «Әр данада «шынайы» деген жазу болды», – делінген хабарламада.

Эстониялық әйел ешқандай қылмыс жасамағанын, керісінше үшінші тұлғаның өтінішін орындағанын түсіндірді. Соған қарамастан оның үстінен Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 16.2-бабы бойынша («Тауарларды декларацияламау») іс қозғалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз