Катарлық Lesha Bank инвестициялық банкі 14 ақпанда «Бәйтерек» холдингімен Қазақстандағы Bereke банкті ықтимал сатып алу туралы алдын ала келісім жасасқаны туралы хабарлады.
Катар қор биржасына сілтеме жасап Naryk.kz порталының хабарлауынша, инвестор банктің барлық жарғылық капиталына ие болатыны белгілі. Сондай-ақ мәміле тараптардың болашақта жасалатын түпкілікті келісімнің шарттарын сәтті келісуіне байланысты екені атап өтілген.
Айта кетейік, аталып отырған банк бір кездері ресейлік Сбербанк болған, қазірде мемлекет меншігіне өткен Bereke Bank.