Былтыр Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктесі Қытай болды. Қазақстанның бұл елге экспорт үлесі бірден 10 пайызға артып, 31,5 млрд АҚШ долларына (бір жыл бұрын – 24,2 млрд доллар) жеткен. Бұл көрсеткішпен Қытай 2022 жылы көш басында болған Ресейді екінші орынға ығыстырды. 

Ал Ресейге қазақстандық экспорт үлесі керісінше 1 млрд долларға төмендеген (2022 жылы – 27, ал 2023 жылы – 26 млрд доллар).

KazTrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, Қазақстан Қытаймен қатар Азияның өзге елдеріне де экспорт үлесін айтарлықтай арттырған.

Photo: Facebook/NurlanKulbatyr

“Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты. Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3% құрайды. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады”, – деп жазды Құлбатыров. 

Жалпы, 2023 жылы Қазақстанның экспорты 2022 жылмен салыстырғанда 4,3 млрд долларға артып, 139,8 млрд АҚШ долларын құраған.

Былтыр Қазақстанның сыртқы сауда бойынша негізгі он серіктесінің орындары өзгергенімен, жалпы құрамында өзгеріс болмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз