Ақбөкенге араша түскен инспектор қайтыс болды

0
135
Қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспектор Нұра ауданында “киіктер мен сирек кездесетін жануарларды қорғау шарасы кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланған”. Инспектор аурухананың жансақтау бөлімінде бір күннен астам комада жатып, 15 қаңтар күні таңертең қайтыс болғаны хабарланған.

14 қаңтарда ауылшаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында 13 қаңтар күні кешке “Охотзоопром” мекемесінің инспекторлары Нұра ауданы аумағында жүргізген рейд кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екі Toyota Land Cruiser көлігін байқап, олардың бірін тоқтатқанын хабарлаған. Ділдахмет инспекторлар көлікті тексеріп жатқанда ондағы әлдебір адамдар қарсылық көрсетіп, екеуін жаралағанын, басынан жараланған бір инспектор комаға түсіп, қайтыс болғанын жазған.

Кейін министрліктің баспасөз қызметі инспекторлар Ницык пен Нұрғалиевке өздері соңынан түскен Toyota Land Cruiser көлігіндегі белгісіз үш адам қарсылық танытып, шабуыл жасағанын айтқан. Арада екі сағаттан астам уақыт өткенде полиция мен инспекторлар шабуылдан жараланған инспекторларды тапқан. Басынан ауыр жараланған Ерлан Нұрғалиев Астанадағы №1 қалалық емханаға жатқызылған.

Жыл басталғалыҚарағанды облысында осымен екінші рет заңсыз киік ату фактісі туралы хабарланып отыр. Осы айдың басында Ұлытау ауданында полицей заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталған.

Қазақстанда киік “құрып кету алдында тұрған” жануар ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, аулауға заңмен тыйым салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз