Осы жылдың 5 айында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалының көлемі былтырмен салыстырғанда 3,5 есе артқан. Бұл туралы Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының Бакудегі өкілдігі мәлімдеді.
Қаңтар-мамыр аралығында “Қазақстан темір жолы” ҰК мен “Әзeрбайжан темір жолы” жабық акционерлік қоғамы арасындағы тасымалдау көлемі 1 388,1 мың тоннаға жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 088,8 тоннаға артық.
“Азық-түлік тасымалының өсуіне байланысты транзиттік тасымалдар да 2% артып, 3,1 мың тоннаға жетті. Әзeрбайжан аграрлық зерттеулер орталығының дерегі бойынша қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан аталаған елге 49,1 миллион долларға астық экспортталған. Әзeрбайжан астық импортының 41,1% еліміздің үлесінде”,- делінген хабарламада.
Әзeрбайжанға астық жөнелту көлемі артқан. Яғни, көрсеткіш 128,3 мың тонна. Ал Әзeрбайжан арқылы Қазақстанға келетін мұнай өнімдері мен қара метал көлемі 13,5 есе ұлғайып, 884,6 мың тонна болды. Әзeрбайжаннан және осы ел арқылы импортталатын тауарлардың арасында химикаттар мен ас содасына сұраныс жоғары.