Түркістан қаласының билігі шахардағы орталық базардың маңайында орналасқан мыңнан астам заңсыз сауда орындарын сүруді бастады.
Заңсыз және санитарлық талаптар сақталмаған шағын сауда дүңгіршектері сүріліп, саудагерлер қала сыртындағы жаңа нысанға көшірілуде.
Қала басшылығы сауда-саттық үшін ашылған жаңа нысан барлық талаптарға сай жабдықталған дейді. Онда 2 мыңнан астам орын, нақтырақ айтқанда жеміс-жидек пен көкөніске – 500-ден астам, киім-кешекке 1500 орын қарастырылған.