Бішкек Астанаға наразылық нотасын жіберді

0
86

Бішкек Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенті сайлауына түсіп жатқан үміткер Өмірбек Бабановпен кездескеніне наразылық білдіріп, нота табыстады.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Бішкектегі Қазақстанның уақытша сенім жүктелген өкілі Рымтай Кәріпжановты шақыртып, наразылық нотасын тапсырды. Нотада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан Президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуі «Қырғызстан халқының таңдауына ықпал ету және Қырғызстанның ішкі ісіне араласу» деп бағаланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз