Ұлыбритания Патшайымы Елизавета ІІ Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін. Бұл туралы The Times мароккалық басылымға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мақала авторы Елизавета ІІ Испанияны басқарған мұсылман патшалармен туыстық қарым-қатынасы болуы мүмкін, солар арқылы Исламның негізін қалаушылармен байланыста болуы ғажап емес дейді. Дәлел ретінде патшайымның 40-шы буынға дейінгі ұрпағының шежіресі келтіріледі.
The Time sалғаш рет мұндай теория 1986 жылы «Книга пэров Берка» еңбегінде пайда болғандығын жазады. Анықтамалықтың бұрынғы басып шығарушысы Гарольд Брукс-Бейкер: «Британдықтар ханшайымның бойында Мұхаммед пайғамбардың қаны ағып жатқандығын көп біле бермейді. Дегенмен, барлық мұсылман дін көшбасшылары бұл фактімен мақтанады», – деп мәлімдеген еді.
Тарихшы Дэвид Старкидің айтуынша, теория қызықты әрі «ойға қонымсыз да емес», дегенмен, аталған теорияның нақты дәлелі бола алмайды.