Екі жыл депутат болған боксшы қызметтен бас тартты

0
222
ҚР Мәжіліс отырысы. Оң жақта бірінші отырған Мәжілістің экс-депутаты Серік Сәпиев.

30 қаңтар күні ҚР Мәжілісінің отырысында депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов хабарлады.

“ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік Жұманғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды”, – деді Мелдешов.

Депутаттар дауыс беріп, Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

“Құрметті Серік Жұманғалиұлы, сізге парламентте бізбен бірге атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттық корпус атынан алғыс айтамыз. Сізге мемлекеттік қызметтегі жаңа орныңызда сәттілік тілейміз”, – деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Серік Сәпиев те әріптестеріне алғысын айтты.

“Осы мүмкіндікті қолдана отырып, Мемлекет басшысы, партия төрағасын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортта осындай сенім білдіргеніне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, сізге Нұрлан Зайруллаұлы және әріптестерімнің әрқайсына,айтқан кеңестері, көрсеткен қолдауларына, Парламент Мәжілісінде жинаған тәжірибе үшін алғыс білдіремін. Сіздермен еліміздің өркендеп, қоғамымыздың дамуы үшін  әлі де осылай жұмыс істейміз деп сенемін”, – деді Сәпиев.

Айта кетейік,Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылдың ақпанында келген болатын.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз