30 наурыз күні Халықаралық олимпиада комитетінің жиынында Токио олимпиадасы 2021 жылы 23 шілде – 8 тамыз арасында өтетіні туралы шешім қабылданды.
Олимпиада ойындары 2021 жылы өтсе де Токио-2020 деп атала бермек. Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйекте болады.
Биылға жоспарланған Токио олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілген.
Бұған дейін Канада, Австралия, Ұлыбритания ХОК-тан олимпиаданы кейінге шегеруді талап еткен. Олар Токио ойындары 24 шілдеде басталса спортшыларын жібермейтінін хабарлаған.
Токио олимпиадасы 24 шілде – 9 тамыз арасына жоспарланған болатын. Олимпиада ойындары бұған дейін тек соғыс кезінде өтпей қалған еді.
Әлемде Covid-19 коронавирусы 723 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 34 мыңнан асты. Вирус 190-нан астам елге тарады. 151 мыңнан астам адам дертінен айықты.