XXI ғасырдың ең ірі жетістіктерінің бірі — жасанды интеллект (ЖИ). Қазіргі таңда ол адамзаттың жұмысын едәуір жеңілдетіп, әртүрлі салаларда шешім қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Сарапшылардың деректеріне сүйенсек, алдағы онжылдықтарда ЖИ әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналмақ. Бірақ бұл технологияның болашағы қандай болмақ?
Жасанды интеллекттің қолданылу аясы
ЖИ-дің жаһандану үдерісі күн сайын жаңа белеске көтерілуде. Биыл ол медицина, білім, көлік, экономикалық өндіріс және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда кеңінен қолданылады деген болжам бар. Мысалы:
- Дәрігерлер ауруларды ерте анықтау үшін ЖИ-ді пайдаланады;
- Ұстаздар оқушылардың қабілетін дамытуға арналған бағдарламаларды құру үшін қолданады;
- Инженерлер қауіпсіз қоғамға ықтималды ақылды жүйелер жасау үшін пайдаланады.
Болашаққа жетер жетістіктер
Нақты деректерге сүйенсек, 2030 жылдардан бастап жасанды интеллект адамның ойлау, талдау және үйрену қабілеттеріне жақындайды. Бұл бизнес, энергетика, білім және қауіпсіздік салаларындағы еңбек өнімділігін 50–60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді (McKinsey, 2024).
Өндіріс және экономика:
Энергия тұтыну, көлік қозғалысы және ресурстарды басқару автоматтандырылады, бұл экологияның жақсаруына оң әсер етеді.
Жеке білім беру және медицина:
ЖИ әр адамға бейімделген шешімдерді ұсына алады. Ол адамның ерекшеліктерін талдап, тиімді ем немесе оқу тәсілін автоматты түрде таңдайды.
Болашақта туындайтын қауіп пен шектеу
Алайда жасанды интеллекттің дамуы қоғам құрылымына елеулі өзгерістер әкелуі мүмкін:
- Жұмыс құрылымының өзгеруі: 2030–2040 жылдары шамамен 92 миллион жұмыс орны автоматтандырудан жойылуы мүмкін.
- Жалған ақпараттың таралуы: ЖИ технологиялары жалған контенттің көбеюіне себеп болып, ақпаратқа сенімділікті төмендетеді.
- Технологиялық теңсіздік: ЖИ дамыту мүмкіндігі тек дамыған елдер мен ірі корпорациялардың қолында болса, басқа мемлекеттер артта қалу қаупіне ұшырайды.
Жасанды интеллект адамзат өркениетінің бағытын түбегейлі өзгертуде. Ол тек өндіріс пен экономиканы ғана емес, ойлау тәсілін, шешім қабылдау мәдениетін және қоғам құрылымын қайта қалыптастырады. Ғылым мен технологияның тоғысқан сәті жаңа интеллектуалды дәуірдің бастау нүктесі болып табылады.
Демек, ЖИ-дің болашағы адам мен машинаның толықтыратын серіктестігіне негізделген жаңа кезеңге саяхат жасау. Алдағы онжылдықта ол экономикалық өсудің басты қозғаушы күші, ғылым мен денсаулық саласындағы инновациялық құрал және қоғам құрылымын өзгерте алатын негізгі күшке айналмақ.
Аружан Ереже

























































