200-ден астам бала “Мұзды өлке 2” мультфильмін тегін тамашалады

0
352
Photo: facebook, @Бауыржан Карипов.

Алматыдағы Сарыарқа кинотеатрында көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларының балалары  “Мұзды өлке 2” мультфильмін тегін тамашалады.

“Walt Disney” компаниясының “Оскар” жүлдесін иеленген туындыны көруге 200-ден астам бала келген.

Көрсетілімді ұйымдастырған “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қоры қызметкерлерінің айтуынша, қазақ тілінде жарыққа шыққан туындыларды балаға көрсету арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, жас ұрпақтың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін оята аламыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз