Абаев коронавирус жұқтырған министрлер туралы: дәрігерлік құпия

0
149

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус жұқтырған министрлер жайындағы ақпаратты дәрігерлік құпия деп атады.

“Сырқаттанғандардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктер, атап айтқанда министрлер, вице-министрлер және т. б. бар-жоғын бізден сұрайды. Атап өткім келеді, бұған сәйкес Кодекстің 95-бабында денсаулық туралы ақпарат дәрігерлік құпия. Біз оны жария етуге құқымыз жоқ. Кім ауырғаны маңызды емес, ең бастысы – барлығы сауығып кеткені”, – деді Абаев ОКҚ брифингінде.

Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 32 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз