Астаналықтар қала күніне арналған гала-концертті тамашалады

0
271

Биыл астаналықтар Елорданың 20 жылдығын атап өтуде. Осыған орай қала тұрғындары “Қазақ елі” монументінің алдынағы алаңда Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған “Махаббатпен, Астана” атты мерекелік гала-концертті тамашалады.

Қала күніне арналған концертке шет елден келген қонақтармен бірге мерекелік кештен құр қалғысы келмеген қала халықының қарасы қалың. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мерекелік кешті соңына дейін тамашалады.

Мерекелік кеште отандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Мадина Садуақасова, “Бастау” тобы, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажановамен қоса шет елдік “На-На” тобы мен Оңтүстік Кореялық K-POP стиліндегі “Boyfrend” тобы да өнер көрсетіп, Астананы туған күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, мерекелік кешті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қырғызстан Республикасының, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасының президенттірі де тамашалады.  

     

 

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз