Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте қалпына келтіріледі

0
185
Сурет: apcspain.com

21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қалпына келтіріледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Министрлік мәліметінше, рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады. Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, Ресей Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен 21 қыркүйек, Оңтүстік Кореямен 27 қыркүйектен бастап халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз