Бас санитар карантиннің күшейтілуіне байланысты пікірін айтты

0
124
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова. 6 сәуір, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде карантинді күшейтуді болжап отырмағанын, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін айтты.

“Карантин бізде қазірде де бар. Бүгінде карантинді күшейту болжанып отырған жоқ. Алдағы уақытта барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын жалпы ел бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргіземіз”, – деді Есмағамбетова.

Бас санитар халықтың тек ресми ақпараттарға сенуін сұрады.

ДДСҰ хабарлауы бойынша әлемде 29 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Ал, Қазақстан 106 855 вирус инфекциясын жұқтырған адам санымен ең көп жұқтырған алғашқы 30 мемлекет қатарына кірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз