Fly Arystan елдің батысына әуе рейстерін ашты

0
799

Fly Arystan әуе компаниясы Атырау қаласынан Қазақстанның басқа қалаларына әуе рейстерін ашады. Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінде ұшады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Airbus A320 ұшақтары Атыраудан жаңа 9 бағыт бойынша қатынайды. 25 қазанға дейін орындалатын рейс билеттері flyarystan.com сайтында сатылымға түсті.

  •  4999 теңгеден бастап Ақтауға күнделікті, Ақтөбеге аптасына 4 рет (Дс, Сс, Бс, Сб), Оралға аптасына 3 рет (Ср, Жм, Жк);
  • 6999 теңгеден бастап аптасына 2 рет Қостанайға (Сс, Бс), Қызылордаға (Дс, Жм);
  •  9999 теңгеден бастап Шымкентке аптасына 4 рет (Сс, Бс, Жм, Жк);
  • 11 999 теңгеден бастап Қарағандыдан аптасына 3 рет (Сс, Ср, Сб);
  • 12 999 теңгеден бастап Нұр-Сұлтанға аптасына 2 рет (Бс, Жк);
  • 14 999 теңгеден бастап Алматыға аптасына 2 рет (Дс, Сб).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз