Министрлік: Түркістан әуежайының құрылысы қыркүйектің соңында аяқталады

0
133
Түркістан халықаралық әуежайының макеті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы қыркүйек айының соңында аяқталатынын хабарлады.

Министрлік мәліметінше, “Fly Arystan”, “Qazaq Air” және “SCAT” авиакомпаниялары Түркістаннан Нұр-сұлтан мен Алматыға рейстер жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласын Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен байланыстыру жоспарланған.

Бұдан басқа, Түркиядан Түркістанға рейстер “Turkish Airlines” авиакомпаниясымен алғашында аптасына 3-4 рейс жиілігімен орындалмақ.

Сонымен қатар, басқа шетелдік авиакомпаниялар Әзірбайжаннан, Ресейден және Біріккен Араб Әмірліктерінен Түркістанға халықаралық рейстер ашу мәселесін қарастырылып жатыр.

Әуежайдың негізгі параметрлері:

Ауданы – 905,3 га.,

Жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300 х 45м.,

Жолаушылар терминалы ауданы – 10,5 мың м2,

Өткізу қабілеті-450 жолаушы/сағ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз