Нұр-Сұлтанда 27-28 маусым қоғамдық көлік тоқтайды

0
165
Photo: @kazaknews.kz

Қазақстан астанасында демалыс күндері дезинфекция жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік тоқтайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Автобустарға мұқият дезинфекция жүргізіледі. Қоғамдық көлік қалыпты режимге 29 маусымда оралады”, – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар саябақ, гүлзар, жағалау мен жағажай және басқа да халық көп жиналатын орындар жабылады.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері де ел астанасында карантин күшейтілген болатын.

27-28 маусым аралығында қалада тек үй маңындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз