Нұр-Сұлтанда масаны жоюға бөлінген 395 млн теңгенің 65% ғана игерілген

0
206

Елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаев масаны жою жұмыстарына назар аударуды сұрады.

“Бүкіл жаз бойы қаптаған маса қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырды. Менің бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл жоспарлы жұмыс болуы тиіс”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, масаны улауға бөлінген 395 млн теңге қаражаттың тек 65 пайызы ғана игерілген.

“Жұмыс дер кезінде, лайықты үйлестірусіз жүргізілген. Жағдайдың ерекшелігі барынша белгілі. Бірақ, маған жағдайдың жылдан жылға қайталанатындығы түсініксіз. Басқарушыларымыз бен менеджерлеріміз қандай өзі”, – деді ҚР Президенті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз