Құрбан айт кезінде нені ескеру қажет?

0
288

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты Құрбан айт мейрамындағы құрбандық шалу талаптарын жария етті. Биыл мереке 11 тамызға келіп тұр.

Діни басқарма мамандарының мәліметінше, бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын орындайды, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, құрбандық шалады. Бұл – мерекенің ең маңызды рәсімі.

Инфографика ҚМДБ баспасөз қызметі.

Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан басқа абзал амал арқылы Алла тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйізі, тұяғы және жүнімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да құрбандарыңды шын жүректен әрі ризашылықпен шалыңдар, – деген Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) құрбан шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін меңзейді.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының онында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз