Сайлаудың exit-poll нәтижелері белгілі болды

0
321

“Қоғамдық пікір” институтының төрайымы Айнұр Мажитова 10 маусымда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Exit-poll нәтижелерін жариялады. Нәтижелер мынадай:

Жамбыл Аxметбек -3,86 %

Дәния Еспаева – 5,32%

Әміржан Қосанов – 15,39%

Төлеутай Раxымбеков – 3,03 %

Амангелді Таспиxов – 1,41 %

Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%

Сәді-Бек Түгел  0,86 %.

Атап өтерлігі exit poll “Ел тірегі” заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Жалпы іріктеме  – 13200. Ақпарат жинау методикасы – сауалнама. Сауалнама сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жүргізілген. А. Мәжитова аталған сауалнамадан 3 % қате кету мүмкіндігін алға тартты. Ресми сайлау нәтижесі ертең жарияланады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз