Тоқаев мыңнан астам шетелдікке азаматтық беру мәселесін қарайды

0
149
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақордада Қазақстан президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдіргендердің өтініштері қаралды.

“Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді”, – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан азаматтығы қалай беріледі?
  • Қазақстан аумағында кем дегенде бес жыл тұрған тұлғаларға;
  • Қазақстан азаматымен некеде тұрғандарға (екеуі кем дегенде үш жыл бірге тұру шарт);
  • тұрақты тұру үшін бұрынғы одақтас елдерінен келген азаматтар. Қазақстанда олардың жақын туыстары болуы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз