Тоқаев: тегін маска тарата алатындай болуымыз керек

0
133

21 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі шұғыл әрекет ету орталығына барды. 

Президент орталықта медициналық бетперделердің тапшы екенін айтқан.

– Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымдануда. Неге? Бұл алыпсатарлық деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, барлық азаматтарды үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырған.

– Біз барлық қалалардағы негізгі көшелерде азаматтарымызға тегін маска тарата алатындай болуымыз керек. Бұл Үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндет, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз