Нұр-Сұлтанға ұшып келген 108 жолаушы карантинге жіберілді

0
111
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Қазақстан астанасына шетелден ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ 108 жолаушы карантинге жіберілді. Бұл туралы Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

26 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia, Flydubai әуе компанияларының 6 ұшағы қонған.

“Барлығы 722 жолаушы ұшып келді. Олардың 108-інде ПТР-тест болған жоқ. Жолаушылар карантинге жіберілді. Олар ПТР-тест тапсырғаннан кейін үйіне қайтады. Тест нәтижесінде вирус анықталса стационарға жатады”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз