ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Қырғызстанға көмек көрсететін боламыз – Назарбаев

0
96

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мемлекет басшыларының келесі бірлескен отырысы 2019 жылы Қырғызстан Республикасында өтеді.

Бүгінгі ҰҚШҰ-ға мүше елдер мемлекеттері басшыларының кездесуінде Қырғыз Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі туралы талқыға салынды. Қырғыз тарапы 2019 жылғы кеңес отырысна қатысты өзіндік басым бағыттарын ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті: ҰҚШҰ-ның кезекті отырысы Қырғызстан Республикасына өтеді. Келер жылғы кеңес отырысы жоғары дәрежеде өтетініне сенімдімін. Алдағы кездесу Ұйымның болашақта одан әрі дамуына мол ықпал етеді деп ойлаймын және біз бұған қол ұшын бере аламыз.

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларынан бөлек Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесу болып өтті. СІМ басшылары деңгейіндегі кездесуге халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті, әскери ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған мәселелер кірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз