“Ақымақ болма!”: Трамп Ердоғанға хат жазды

0
107
АҚШ президенті Дональ Трамп. Photo: The Hill

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға хат жазып, Сириядағы операцияны тоқтатуға шақырды. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Хатты ең алғаш FOX News журналисі Twitter-де жарияланды. Кейін бұл ақпаратты Ақ Үй растады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жазған хаты.

Хатта Трамп Ердоғанға жақсы мәміле жасауды алға тартып, “Мыңдаған адамның өліміне себепші болып, жауапкершілік алғыңыз келмейді ғой, ал мен түрік экономикасын құлдыратқым келмейді – онсыз да солай істеймін”, – деген Трамп Ердоғанның мәселесін шешуде талай рет жұмыс жасағанын атап өткен.

“Егер бәрін дұрыс әрі ізгі жасасаң, тарих саған тілектес болады. Егер жақсы дүние болмаса, онда тарих шайтанға көз салғандай қарайды. Қатыгез болма. Ақымақ болма! Саған кейін хабарласамын”, – депті Трамп хатында.

Хат 2019 жылдың 9 қазанында күні жазылған. Бұл күн Түркияның Сирия солтүстік-шығысында қауіпсіз аймақ құру бойынша бітімгершілік операциясын бастаған күнмен сәйкес келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз