Бағдат Мусин президент кеңесшісі болып тағайындалды

0
81
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Бағдат Мусинмен. Photo: akorda.kz

Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технология бойынша кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда туған. Сүлеймен Демирел атындағы университеті мен Қазақ құқықтану және халықаралық қатынас институтын тәмамдаған.

Әр жылдары “ұлттық ақпараттық технологиялар”, әділет министрлігі, ақпарат және байланыс министрлігі, көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған. 2014 жылы “Қазпошта” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды.

2017 жылы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетін басқарды. 2018 жылы өз еркімен бұл қызметтен кетті. Ол сол уақытта денсаулығына байланысты және бизнес жобаларын жүзеге асырғысы келгендіктен мемлекеттік сектордан кететінін айтқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз