Қос Корея басшыcы «тұрақты» кездесуге келісті

0
88

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР президенті Ким Чен Ын бұдан кейін жиі кездесетін болады. Қос Корея басшыларының алдағы кездесуі 1 маусымда өтеді. Сондай-ақ, Солтүстік Корея басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге «өте құлықты» екенін мәлімдеді.


Қос Корея басшылары 26 мамырда өткен екі сағаттық кездесуден кейін БАҚ өкілдерімен баспасөз қызметінде екі мемлекет басшыларының алдағы уақытта «тұрақты» кездесуге уағдаласқандығы турасында мәлімдеді. Қос президент алдағы кездесулерде корейаралық диалогты жандандыру, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аудармақ.

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореялық әріптесіне 12 маусым Сингапурда өтетін саммитті ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, АҚШ пен КХДР арасындағы тарихи кездесуге «өте құлықты» екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Мун Чжэ Ин Пхеньян мен Вашингтонды «тікелей қарым-қатынас арқылы түсінбеушілікті» жоюға шақырды. Ол 12 маусымда өтетін саммитке қарқынды дайындалуды «соғыстар мен қарама-қайшылықтар тарихын» тоқтатуды талап етті.

Келесі жоғары деңгейдегі корейаралық саммит 1 маусымда өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз