Израиль әскері палестиналықтарға шабуылдады

0
75

Израиль әскерінің танкілері жексенбі күні Газа секторындағы ХАМАС қозғылысының бақылауында болған палестиналықтарға оқ жаудырды. Шабуылдардың салдыранын 3 палестиналық көз жұмды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Израиль қорғаныс әскері баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбідегі шабуыл ХАМАС қозғалысының Израиль шекарасына орналастырған жарылғыш заттары мен одан зардап шеккендер үшін арнайы жауап ретінде жасалған.


Газа секторындағы палестиналықтар мен Израиль әскерінің арасындағы қақтығыстар 30 наурызда ХАМАС қозғалысының ұйымдастыруымен басталған болатын. Осы уақыт аралығында 114 палестиналық қаза тауып 13 мыңнан астам адам жарақат алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз