Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық қабылдауға тыйым салынды

0
154

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйлық қабылдауға тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт қол қойды. 

Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес (“пара беру”) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға құны 2 айлық есептік көрсеткіштен немесе 5 556 теңгеден асатын тарту жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 676-678 бабтарына  (“жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі”), (“заңды тұлғалардың материалдық сыйақы беруі”) сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың аталған тұлғаларға заңсыз сыйлық беру әкімшілік сыбайлас жемқорлық әрекет болады.

2 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК – 2778 теңге) дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке жатады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз