Президент Тоқаев Ангела Меркельмен кездесті

0
122
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Ангела Меркелмен. Photo: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақстан мен Германия басшыларының салтанатты кездесуі Федералдық канцлер ведомствосының ғимараты алдында өтті.

Қазақстан, Германия және Еуропалық одақтың жалаулары көтерілген кіреберісте Ангела Меркель Қасым-Жомарт Тоқаевты ілтипатпен қарсы алды. Осыдан кейін Бундесвердің бас оркестрі Қазақстан мен Германияның Әнұрандарын орындады. Артынша Федералды Канцлер және Қазақстан Президенті құрметті қарауыл ротасының сапы алдында жүріп өтті.

Photo: akorda.kz

Меркель Қазақстан басшысын немістің ресми өкілдерімен, ал Тоқаев өз кезегінде қазақстандық делегация мүшелерімен таныстырды. Рәсімнің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель кездесу басталған Федералдық канцлер кеңсесінің ғимаратына бет алды.

Photo: akorda.kz

Шамамен бір жарым сағатқа созылатын келіссөздердің соңында екі елдің басшылары БАҚ алдына шықты.

Мемлекет басшысы мен Германия канцлері Қазақстан мен Германияның екіжақты байланысын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгін, 6 желтоқсанда Тоқаев Германияның қоғам қайраткерлерінің алдында сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, президент 28-ші Берлин Еуразиялық клубының отырысына қатысады. Неміс компаниялары жетекшілерімен кездесу өткізеді.

Германия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 31 желтоқсанында мойындады. 1992 жылдың 11 ақпанында дипломатиялық байланыс орнатылды.

1992 жылдың желтоқсанында Алматыда Германияның елшілігі ашылды. 1993 жылдың қыркүйек айында Боннда Қазақстан елшілігі ашылды. Ол 1999 жылы Берлинге ауыстырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз