СІМ Қырғызстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігіне алаңдайды

0
100
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты.

8 қазан күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға жасалған шабуылдар мен басып алу әрекеттеріне алаңдайтынын мәлімдеді.

СІМ таратқан ақпаратта қазақстандық компаниялар кейінгі жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд. доллардан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқандығы айтылады.

Министрлік қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының және компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шара қолдануға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз