ҰҚСК-нің үшінші отырысы онлайн форматта өтеді

0
160
Photo: Qazaqstan dauiri

27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы онлайн форматта өтеді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин хабарлады.

“Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, басқа аймақтардан қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы отырыс адам капиталын дамытуға арналады. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту мәселелері қаралады”, – деп жазды Қарин Telegram каналында.

Ерлан Қариннің айтуынша, 2020 жылдың ақпанынан бастап ҰҚСК мүшелері Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтап жатыр. Олар алдағы отырыста қаралады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қызметіне кіріскеннен кейін ҰҚСК құру туралы бастама көтерді. Маусымда кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды.

Тоқаев атап өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог құру үшін құрылды. Ұлттық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен саясаттанушылар кірді. Кеңесті президент Тоқаев басқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз