Тоқаев пен Путин Омбыда шекараға байланысты форумға қатысады

0
103
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Photo: Sputnik Kazakhstan

7 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі. 

Екі ел президенті “Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері” атты 6-шы өңіраралық форумға қатысады.

Жиында ел басшылары кейбір құжаттарға қол қойып, жоғары технологияға арналған көрмені аралайды деген жоспар бар.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7 500 шақырымнан асады. Ол әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі.

Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы. Бұл жерден күніне орта есеппен 1000-ға жуық адам өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз