Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Тәжікстан президентін құттықтады

0
133

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қазан күні Тәжікстанда өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Эмомали Рахмонды телефон арқылы құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжікістанда жексенбі күні президенттікке үміткерлердің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша 90,9% дауыс жинаған Эмомали Рахмон президенттікті сақтап қалды. 

Екі ел президенті әңгіме барысында әрі қарай стратегиялық серіктестікті нығайту жөнінде сөз қозғаған. Тоқаев қайта сайланған Эмомали Рахмонды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған.

Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан 68 жастағы Рахмон осыған дейін төрт рет сайлауға түсіп, төртеуінде де жеңімпаз атанған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз