Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

0
87
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев CCTV арнасына сұхбат беру үстінде. Photo: Facebook, Berik Uali.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы президеннттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

“Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді”, – делінген жазбада. 

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Айта кетейік, қыркүйектің 11-12 күндеріне мемлекет басшысының ҚХР-ға мемлекеттік сапары жоспарланған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз