Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ахмет Байтұрсұнов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек мемлекеттік әліпбидің біріңғай стандартты жобасы бойынша одан әрі жұмыс істеу кезеңдері туралы мәлімет берді.
Әлімхан Жүнісбектің пайымдауынша, дамудың үш түрлі тәсілі бар: умлаут, апостроф және диграф жүйесі. Қоғамдық пікірді ескере отырып диграфтар қазақ тілінің ерекшеліктерін көрсететін апостроф жүйесіне алмастырылады.
«Біздің қоғам бір дыбысты бір әріп қылып жазып үйреніп қалған. Сол себепті қоғам назарына ұсынылған екі әріппен таңбаланған бір дыбысты оқу көрнекі түрде де, тактикалық түрде де ыңғайсыздық тудыруда. Осыны негізге ала отырып көпшілік диграфтарға қарсы болып жатыр. Диграф жүйесі әлі енген жоқ. Ендігі кезекте апостроф жүйесіне ауысуға тура келеді. Әлемнің ешбір халқында жүз пайыз таза мінсіз әліпби жоқ. Кез-келген әліпбиде арнайы сөзді немесе дыбысты айту мен жазудың түсініктері бар. Ешқашан жеңіл және қарапайым әліпби болған емес және болмайды да», – деп мәлімдейді профессор.
Сөз соңында профессор жұртшылық әліпбиді үйренуді бастаған кезде ғана түсінікті болатынын, сондай-ақ алдағы уақытта қиындықтардың аз болмайтынын қоса кетті.
Жадыра Аманбайқызы