Министрлік: ЭЦҚ-ны заңсыз қолдану жиіледі

0
132

Қазақстанның цифрлық даму министрлігі азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасын (ЭЦҚ) үшінші тұлғалардың  заңсыз пайдалану фактілерінің жиілегенін хабарлайды.

Осы жылдың 9 айында ЭЦҚ-ны заңсыз алудың 30-дан астам фактісі және оны қорғауды сақтамаудың 5-тен астам жағдайы анықталған. Аталған фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынған.

“Соңғы уақытта министрліктің атына жеке және лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-ны заңсыз беру фактілері бойынша көптеген шағым түсіп жатыр. ЭЦҚ-ның қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен сәйкес екенін және бірдей заңды жауапкершілікке әкеп соқтыратынын білу маңызды”, – деді ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Министрліктің хабарлауынша, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының өз ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайы, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан босатылған қызметкерлердің ЭЦҚ-сын кері қайтармайтын жағдайлары көбейген. Мұндай іс-әрекеттер ЭЦҚ-ны заңсыз қолдануға әкеп соғады. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ЭЦҚ-НЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Біріншіден, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеу. Ұйымдарда
құжатқа қол қоюға жауапты қызметкерлер үшін жеке ЭЦҚ беру;

Екіншіден, ұйымнан ЭЦҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалау және оларды ЭЦҚ-мен уақытылы кері қайтарып алу;

Үшіншіден, қолтаңба жоғалған жағдайда, алдыңғы ЭЦҚ-ны қайтарып, ЭЦҚ-ны дереу жаңадан алу және құпиясөзді күрделендіру қажет.

2015-2018 жылдар аралығында 15 әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 640-бабы) 2019 жылы 52 іс анықталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз