Интернет-алаяқтарға қарсы күрес қалай жүргізілуде

0
155
photo: gov.kz

Цифрлық даму министрлігі интернет-алаяқтарына қатысты қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Әдетте, алаяқтар бағдарламалық қамтылым арқылы ауыстырылатын нөмірлерді пайдаланады, сондықтан өткен жылы байланыс операторлары телекоммуникация желілеріндегі рұқсат етілмеген әрекеттерді, оның ішінде алаяқтық әрекеттерді (антифрод жүйесі) болдырмау үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Мәселен, 2022 жылы жүйенің арқасында байланыс желілеріндегі ауысымдық нөмірлерден шамамен 18 млн. шетелдік қоңыраулар бұғатталды, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 8,5 млн. қоңырауды құрады.

“Кселл” АҚ алаяқтық нөмірлерді анықтау және бұғаттау, сондай-ақ келіп түсетін алаяқтық қоңырауларды шектеу үшін өз жүйесін енгізді. Жүйенің тиімділігін арттыру және басқа мобильді операторларды нөмірлей отырып, қоңырауларды бұғаттау үшін “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС-мен және “КаР-Тел” ЖШС-мен бірлесіп, қоңырау келіп түсетін нөмірді ауыстыру мәніне халықаралық трафикті өзара тексеру үшін интеграциялық орта енгізілді.

Қазір тіркелген байланыс операторларымен мобильді нөмірлеуден қалалық нөмірлерге және қалалық нөмірлерден мобильді нөмірлерге ауыстыруды болдырмау бойынша шаралар пысықталуда.

Сонымен қатар, Министрлік азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға шақырды.

Министрліктің хабарламасында: “Ешқашан және ешкімге:

-интернет-банкингтегі немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттің паролін;

– өзіңіздің дербес деректеріңізді, өз банк картаңыздың деректемелерін, картаның қолданылу мерзімін, CVC / CVV-кодын (банк картасының артындағы үш сан, картаның түпнұсқалығын тексеру коды), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын;

– жасалған операцияны растау үшін SMS-кодты: төлемді, аударымды және тағы сол сияқтыларды айтпаңыз”,- делінген.

Сондай-ақ, Министрлік Қазақстанда ұрланған абоненттік құрылғылардың (ҚР ІІМ деректері) тізілімінде болуы үшін IMEI кодтарын тексерудің цифрлық сервисі құрылғанын, сондай-ақ  https://imei.rfs.gov.kz сайтынан ұрлық үшін пайдаланылған телефондарды қайда тексеруге болатынын еске салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз