Қазақстанда 13,4 мың шетел азаматы жұмыс істейді

0
146

1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат).
  • Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам.
  • Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% – ы.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстан – 769 адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз