Алматы – Баку арасында жолаушылар әуе рейсі іске қосылды

0
82
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты.

“Алматы – Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады”,– деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз