Ranking.kz сайтының зерттеуі бойынша Қазақстанда суицид статистикасы төмендеген. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚС АЕК) мәліметінше, 2022 жылы аяқталған суицидтен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін азайды. Егер бұл көрсеткішті соңғы бесжылдықпен салыстырсақ, көрсеткіш орташа деңгейде.
Ал 7% азаю динамикасысы 2021 жылы суицидтің көбеюімен байланысты. Биыл суицидтен болатын өлім көрсеткіші азайып келеді. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 526 қазақстандық өз еркімен өмірмен қоштасты, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% аз.
Бір қызығы, өткен жылдардан айырмашылығы, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері мен суицидтен қайтыс болу саны шамалас болды: 3,7 мың (айырмашылық тек 65 жағдай). Бұл да соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бір жыл бұрын мұндай әрекеттер әлдеқайда көп болды: 4,5 мың.
Ер адамдар суицидке бейім. Суицидтен қайтыс болғандардың 78,9%-ы ер адамдар: 2,9 мың, қалған 770-і әйел. Айырмашылық төрт есе дерлік.
Қазақстандық БАҚ-та жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тақырыбы жиі қозғалады. Сонымен қатар, ең осал жас тобы, статистика бойынша, орта жастағы адамдар — 30-дан 54 жасқа дейін. Суицидтен қайтыс болғандардың жалпы статистикасында осы санаттың үлесі 54,9%. Екінші орында егде жастағы адамдар: әрбір төртінші суицидті (23,5%) 55 жастан асқан қазақстандықтар жасаған.
Өзіне өзі қол жұмсап қайтыс болғандар ішінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі 17,3%-ды құрады, ал осы жас тобының өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері статистикасындағы үлесі сәл ғана жоғары болды: 18,8%. Дәл осындай үрдіс балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау деректерінен де байқауға болады: өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендердің үлесі іс жүзінде қайтыс болғандардың үлесінен жоғары: тиісінше 5% және 4,3%.