Қазақстан мен Жапония ЯСЖТШ конференциясында өз төрағалығын аяқтады

0
60
Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ, ағл. Comprehensive Nuclear-Test-Ban Treaty) 14-бабына сәйкес министрлік конференция өтті. Іс-шара Келісім-шартқа қол қойған 150-ден астам мемлекеттердің қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (СІМ) баспасөз қызметі.

Конференция барысында Қазақстан мен Жапония бұл үдерістегі екі жылдық тең төрағалығын Бельгия мен Иракқа табыс етті. Тең төрағалардың негізгі міндеті – ЯСЖТШ-ны мүмкіндігінше тез арада күшіне енгізуге атсалысу. Келісім-шарттың 14-бабына сәйкес, құжаттың күшіне енуі үшін оны 2-ші қосымшаға енгізілген барлық мемлекеттер ратификациялауы қажет.

«Екі жыл бойы Қазақстан мен Жапония Келісім-шарттың күшіне енуіне жәрдемдесу үшін дәйекті жұмыс істеді. 2015 жылғы қазан айында Астанада ЯСЖТШ тарихында тұңғыш рет ең жоғары саяси деңгейде – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Премьер-Министрі Синдзо Абэ Келісім-шартты қолдайтын бірлескен құжатқа қол қойылды. Қазақстан мен Жапония атынан ұқсас шақырулар Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің және 2016 жылы Женевада Ашық құрамды жұмыс тобы сессиясының аясында жасалған»,- деп Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов конференцияда атап өтті.

Сонымен қатар, СІМ басшысы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту үшін Өскемен қаласында МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкінің ғимараты іске қосуының маңыздылығына назар аударды. Қ.Әбдірахманов ТБУБ ғимаратының ашылу рәсімінде жариялаған ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына, сондай-ақ Астанада өткен Пагуош ғалымдар қозғалысының мерейтойлы конференциясының қорытындыларына егжей-тегжей тоқтады.

ЯСЖТШ 1996 жылы қол қою үшін ашылды. Келісім-шарт – ядролық сынақтардың барлық түрлеріне тыйым салады және ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы маңызды құралы. ЯСЖТШ-нің күшіне енуіне ықпал ету бойынша үдерісі аясындағы Қазақстанның тең төрағалығы Президент Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі бастамаларының жалғасы, әрі ядролық сынақтарға жалпыға ортақ тыйым салу үдерісіне еліміз қосқан елеулі үлесі болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз