Ақтау қаласының әкімі ауысты

0
602
Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай. Photo: time.kz

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. 42 жастағы шенеунік бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Қилыбай 2018 жылдан бері Маңғыстау облысы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін “ҚТЖ” ҰК” АҚ аппаратының жетекшісі – атқарушы директоры болған. “ҚТЖ” ҰК” АҚ “Жолаушылар тасымалы” АҚ президенті,  “Теміржолсу” АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Қаланың жаңа әкімі Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында туған. 1999 жылы Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясын (тасымалдауды ұйымдастырушы инженер) тәмамдаған. 2003 жылы Гумилев атындағы ЕҰУ-дың түлегі (қаржы және қаржы құқығы) атанған. 2018 жылы Stafford House (Бостон, АҚШ) халықаралық мектебін бітірген.

Ақтаудың бұрынғы әкімі Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ол 2017 жылдың қараша айынан бері қала басшысы болған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз