Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

0
65

27 наурыз күні Алматыда тағы екі адамнан вирус табылды.  Бұл туралы сағат 20.00-де Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазір бұл қалада 50 адам дертке шалдыққан.

Ал елде қазір 137 адамға вирус жұққан: Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтанда – 69 адам, Қарағандыда – төрт адам, Жамбыл облысында – үш адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында – бір адам, Атырау облысында – үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау обылсында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда – үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі – 12 жасар қыз бала.

27 наурызда Павлодар, Атырау және Маңғыстау облысында коронавирус алғаш рет тіркелді.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз