Әкімдік: 22 наурызда Алматы қаласы толық жабылады

0
235
Алматы қаласы.

Карантин уақытында қала ішінде адамдардың ары-бері жүруіне тыйым салынбайды, қоғамдық көліктер жүре береді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов 18 наурыз күнгі брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, 22 наурыз түнгі сағат 00.00-де қала толық жабылады. Қалаға кіргісі келгендер немесе шығатындар осы уақытқа дейін Алматыға кіріп немесе қаладан шығып үлгеруі тиіс. Бұл қалада жұмыс істеп, қала аумағында тұратындарға да қатысты деді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, карантин кезінде жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі сияқты қаланың тіршілігі үшін маңызды көліктердің өтуіне ғана рұқсат беріледі. Олар қалаға кірер кезде толық дезинфекциядан өтеді.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 22 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап темір жол, ішкі әуе рейстері де тұтас тоқтайды. Тек халықаралық рейстермен ұшатын жолаушыларға қандай да бір “артықшылық” берілуі мүмкін.

Оның айтуынша, карантин уақытында азық-түлік сататын сауда орындары, саябақтар жұмыс істей береді. Дәмхана, мейрамханалардан тамақты сатып алып кетуге ғана болады.

Соңғы ресми дерек бойынша, Қазақстанда 36 адамнан коронавирус табылған. 18 науқас – Алматыда, 18 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз